Жарияланды: 470

Қарағанды облысында жоғары кернеулі электр желісі үзілді

Қарағанды облысында қатты жел мен нөсер жауынның салдарынан темір-бетон бағандары құлап, 500 кВт «Ағадыр-Жезқазған» жоғары кернеулі электр желісі үзілді,

деп хабарлады «KEGOC» компаниясының баспасөз қызметінен. Төтенше оқиға сенбі, 25 маусым күні Астана уақыты бойынша 16.44-те орын алды. Нәтижесінде Жезқазған энерго-торабының тұтынымы автоматикалық жүйенің көмегімен 60 МВт-қа дейін шектелді. «KEGOC»-тың Ұлттық диспетчерлік орталығының қызметкерлері жедел әрекет етіп 220 кВт екі жоғары кернеулі желіні іске қосқаннан кейін, электр торабы 6 минуттан кейін толық көлемде жұмыс істей бастады. Апат болған учаскеде қазір Ақмола, Солтүстік, Алматы және Оңтүстік магистральдық электр желілерінің күшімен желіні қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылып отыр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде Жезқазған энерго-торабының тұтынушылары электр қуатымен сенімді қамтамасыз етілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін