Апат Ұлытау ауданындағы Қызылорда-Жезқазған тас жолының 377-шақырымында 20-қыркүйек күні кешке болған. «КАВЗ» бағытты автобусының жүргізушісі «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан автобустың жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, жүк көлігінің жүргізушісі мен автобуста отырған 16 жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті