Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Шет ауданында Алматы — Екатеринбург тас жолының 810-шы шақырымында 23 қарашада сағат 18.30-да «Фольксваген» көлігінің 37 жастағы жүргізушісі «Рено» жүк көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан «Фольксваген» көлігінде отырған 73 жастағы әйел оқиға орнында қаза тауып, тағы төрт жолаушы, соның ішінде 7 және 9 жастағы екі бала ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті