Апат Алматы-Екатеринбург тас жолының 942-шақырымында жексенбі күні 13 сағатта болды. «Мазда» автокөлігінің жүргізушісі «Фольксваген» автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан «Фольксваген» жүргізушісі мен оның жолаушысы, сондай-ақ, «Мазданың» екі жолаушысы, соның ішінде 1 жасқа жетпеген сәби оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес кісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.