Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, 12-сі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, 12-сі жараланды

Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, 12-сі жараланды

ҚАРАҒАНДЫ. 10-шілде. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, 12-сі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Шiлде 2006
  • 388
Фото - Caravan.kz

Апат 8-шілде күні таңертең Екатеринбург-Алматы тас жолының 1109-шы шақырымында болды. Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, Батпақ ауылынан 10 шақырым жерде Астанаға бет алған “Газель” автокөлігінің жүргізушісі жүк көлігін басып озбақ болып жолдың қарсы бетіне шығып кету салдарынан “Мерседес” маркалы автобуспен соқтығысып қалған.

Апат салдарынан Қарағанды тұрғыны болып табылатын “Газель” автокөлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ондағы тағы 9 жолаушы түрлі жарақаттармен Осакаровка ауылының ауруханасына жатқызылды. “Мерседес” автобусының жүргізушісі мен оның екі жолаушысы да ауруханаға жеткізілді.

Перейти к новостям спорта