Апат облыстың Шет ауданында Алматы-Екатеринбург тас жолының 816-шақырымында дүйсенбіде түс әлетінде болған. «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі «Мерседес» автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан «Мерседес» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы, соның ішінде бір жас шамасындағы бала мен 9 жасар қыз оқиға орнында мерт болса, «Ниссан» автокөлігінің жолаушысы жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті