Жол апаты Қарағанды-Қарқаралы тас жолының 103-ші шақырымында болып, «Урал-375» және «Фольксваген-Гольф» автокөліктері соқтығысып қалған. Атап салдарынан «Фольксваген» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында жан тәслім етті.
Сол күні Алматы облысында Талдықорған-Үштөбе автожолының 20-шы шақырымында «ВАЗ-2109» және «Мицубиси-Галант» автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан бір адам мерт болып, жеті адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Апаттан зардап шеккендердің арасында 6 жасар бала бар.