Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Қарағанды. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында Екатеринбург - Алматы тас жолында Спасск кентінен 15 шақырым жерде болған жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Субару" көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, "Вольво" көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан "Субару" көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, барлығы Жамбыл облысының тұрғындары, қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін