Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 13-қазан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қазан 2006
  • 441
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, жол апаты Алматы-Астана тас жолының 760-шақырымында болған. 12-қазанда 7 сағатта «Даймлер-Бенц» жеке меншік автобусы мен «Хонда» автокөлігі соғысты.

Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, екі жолаушысы ауруханада көз жұмды. Сонымен бірге автокөлікте отырған бір жолаушы мен автобустың екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта