Жарияланды: 330

Қарағанды облысында жол оқиғасы кезінде ресейлік азаматша қаза болды

Қарағанды облысында жол оқиғасы кезінде бір ресейлік азаматша қаза болды, бірі жарақат алды.

Жол оқиғасы өткен дүйсенбіде Алматы-Екатеринбор трассасында болды, деп хабарлады сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков. Оның айтуынша, 29-жастағы ресейлік келіншек басқарған көліктің дөңгелегі жарылған. "Көлік трассадан кюветке шығып кеткен. Жүргізуші сол орында қаза болған. Көліктің жолаушысы, "Ресей банкі" АҚ-ның бухгалтері 33-жастағы келіншік бас сүйек миынан жарақаттанған, ол ауруханаға жеткзілген", деді Ж.Сембеков. Жол оқиғасы фактісі бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін