Жарияланды: 400

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік қақтығысып, екі адам қаза тапты

Қарағанды облысында жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы қақтығысып, 2 адам қаза тапты. Тағы 10 адам жараұат алды, деп облыстық жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Оқиға жексенбі күні Қарағанды-Теміртау тас жолындағы жол айрығында болған. «Мерседес-Бенц» көлігінің жүргізушісі негізгі жолда келе жатқан көлікті өткізбей, микроавтобуспен қақтығысқан. Салдарынан «Мерседес» өртеніп кетті, оның екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ал, 29 жастағы жүргізуші мен салондағы екі жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, микроавтобус жүргізушісі мен тағы 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін