Оқиға жексенбі күні Қарағанды-Теміртау тас жолындағы жол айрығында болған. «Мерседес-Бенц» көлігінің жүргізушісі негізгі жолда келе жатқан көлікті өткізбей, микроавтобуспен қақтығысқан.
Салдарынан «Мерседес» өртеніп кетті, оның екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ал, 29 жастағы жүргізуші мен салондағы екі жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар, микроавтобус жүргізушісі мен тағы 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.