Қарағанды облысында жүк тиелген 6 вагон шойын жолдан шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жүк тиелген 6 вагон шойын жолдан шығып кетті

Қарағанды облысында жүк тиелген 6 вагон шойын жолдан шығып кетті

Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданында, "Қазақстан темір жолы" РМК Қарағанды темір жолына қарасты Көкпекті станциясында 15-шілдеде 17 сағат 40 минутта №41 жүк составы №3708 поезының жүк тиелген 6 вагоны шойын жолдан шығып кетті. Отарба Мырза станциясынан Балхашқа бет алған болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Шiлде 2004
  • 459
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметіне сәйкес, апат зардабын жоюға Қарағанды-сортировочная станциясынан қалпына келтіруші поезд шақырылды. 16-шілде күнгі таңертеңгі 6 сағаттағы жағдаймен 3 вагон шойын жолға қайта шығарылды. Оқыс оқиғаның зардаптары сағат 12 шамасында толық жойылады деп күтілуде. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Перейти к новостям спорта