Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 қарашада сағат 13.00-де Қарағанды облысындағы «Саранская» шахтасында оқыс оқиға болды. №3 2Л100У ленталық конвейеріне қызмет көрсету барысында кенші барабанға тартылып кетті. Жарақат салдарынан 42 жастағы еркек оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті