Қарағанды облысындағы кеденде биылғы жылы жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар болған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы кеденде биылғы жылы жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар болған жоқ

Қарағанды облысындағы кеденде биылғы жылы жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар болған жоқ

Қарағанды облысының кедендік қызметінде биылғы жылы бірде бір жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылығы болған жоқ, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

  • 29 Желтоқсан 2012
  • 304
Фото - Caravan.kz

Бұған алдын алу жұмысы септігін тигізді, деп атап өтеді облыстық кедендік бақылау департаментінен.

«Кедендік қызмет кедендік процедураларды жеңілдету мақсатында әкімшілік тосқауылдарды қысқарту, кедендік әкімшелендіруді жетілдіру және сыртқы сауданы дамыту бойынша шараларды қолдануда. Кеден органдары қызметінің басымдық бағыты қызметтік тұлғалар жасайтын жемқорлық қылмыстары мен бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және бұлтартпау бойынша жұмыстарды өткізу болып табылады».

ҚР кедендік органдарында 2011-2015 жылдары жемқорлықты төмендету бойынша шаралар жоспары іске асырылуда, деп еске салады ведомствода.

«Қарағанды облысы бойынша КБД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасы өз қатарындағы жемқорлықты азайту бойынша мақсатты алдын алу жұмыстары өткізілуде. Аталған бөлімшенің тәртіпке салынған жұмысының арқасында 2012 жылы жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасалған жоқ», — деп атап өтілген хабарламада.