Жарияланды: 600

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтаның көмір өндіру бөлімін су басып кетуге байланысты кен шығару жұмыстары тоқтатылды - Төтенше жағдайлар департаменті

Қарағанды. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ына тиесілі Костенко атындағы шахтаның көмір өндіру бөлімін жер асты сулары басып кетуге байланысты кен өндіру жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" тілшісіне Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің бас маманы Жанна Дәуренбекова хабарлады.

"Қазір шахтада жер асты сулары сорғызып алынуда. Жер асты сулары К-12 көмір шөгіндісі бөлігінде кен қазу жұмыстары кезінде кенет пайда болған", - деді Ж. Дәуренбекова. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін