Қарағанды облысындағы Қарағайлы кен байыту комбинатының қараусыз қалған қоймаларынан иесіз радиация көздері табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы Қарағайлы кен байыту комбинатының қараусыз қалған қоймаларынан иесіз  радиация көздері табылды

Қарағанды облысындағы Қарағайлы кен байыту комбинатының қараусыз қалған қоймаларынан иесіз радиация көздері табылды

Қарағанды облысындағы Қарағайлы кен байыту комбинатының қараусыз қалған қоймаларынан иесіз радиация көздері табылды. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің радиологиялық бөлімінің меңгерушісі Рашиден Сағынтаев хабарлады.

  • 16 Қазан 2003
  • 1177
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұрынғы алып кәсіпорынның қараусыз қалған қоймаларындағы жоғары радиациялық көрсеткіштерді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы әшкерелеп, соңынан оқиға орнына облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті мен радиологиялық бөлім қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия келіп жетті. Мұқият тексеру нәтижесінде мамандар радиация көзін тапты. Өрт сөндіруге арналған қадағаның конструкциясында изотоптар бар болып шықты. Радиация көздері жартылай қирап қалған ғимаратта қараусыз қалыпты. Мамандардың айтуынша, олар қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп үлгермеген. Алайда, олардың айтуынша, егер бұл қондырғылар балалардың немесе әуесқой адамдардың қолына түссе зардап бұдан да сорақы болар еді .

Кен байыту комбинаты 10 жылдан бері тоқтап тұр. Өнеркәсіптік активтер жуықта ғана «Қазақмыс» корпорациясының иелігіне өткен. Ал қосалқы ғимараттар мен жартылай қирап қалған қоймалар әзірге иесіз.
Қазір әлгі қадағалар арнайы қорғасын контейнерлерге салынып, оларды көму мәселесі шешілгенге дейін Қарағандыдағы арнаулы қоймаға тапсырылды.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің радиологиялық бөлімінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысында бүгінгі жағдаймен жойылған және жабылған кәсіпорындардан қалған 248 қараусыз радиоактивті көздер тіркеліп отыр.
Бұл жыл басынан бері Қарағанды облысынан табылған екінші радиоактивті нысан. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биылғы жаздың басында «Карағандыинтервинт» кәсіпорны Қарағандыға 240 тонна құбырлар партиясын әкелген. Құбырлардың радиациялық көрсеткіші тағы да жоғары болып шыққан . Қарағанды облыстық табиғат қорғау прокуратурасы аталмыш іс бойынша әлі де тексерулер жүргізіп жатыр. Облыс аумағына радиациялық қауіпті құрбырлар әкелу үшін жауапкершілік жүктеу мәселесі шешілу үстінде.

Соңғы жаңалықтар