Қарағанды облысындағы құдай үйлерінде шахтерлардың қаза табуына қырық күн толуына орай дұға оқылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы құдай үйлерінде шахтерлардың қаза табуына қырық күн толуына орай дұға оқылды

Қарағанды облысындағы құдай үйлерінде шахтерлардың қаза табуына қырық күн толуына орай дұға оқылды

Бүгін, 13-қаңтарда Қарағанды облысындағы құдай үйлерінде 2004-жылдың желтоқсан айында "Шахтинск" шахтасындағы жарылыс салдарынан шахтерлардың қаза табуына қырық күн толуына орай дұға оқылады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қаңтар 2005
  • 592
Фото - Caravan.kz

Бүгін «Шахтинская» көмір кенішіндегі қайғылы оқиғаға қырық күн толды. Жарылыс салдарынан 23 шахтер қаза тапқан. Осыған байланысты Қарағанды және Шахтинск қалаларындағы барлық мешіттер мен шіркеулерде марқұмдардың рухына дұға арналады.

«Испат-Кармет» АҚ көмір департаментінің кәсіподақ комитетінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, қазіргі жағдаймен компания қаза тапқан шахтерлардың отбасыларына ақшалай жәрдемақы беру міндеттемесін атқарып шықты. Әрбір отбасына шахтердың 10 жылдық жалақысы берілді. Жалпы алғанда отбасыларға 149 млн. теңге төленді.
Әзірге тек қаза тапқандардың отбасына жаңа пәтерлер беру мәселесінің ғана басы ашық қалып отыр. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 22 отбасы үкіметтік комиссияға Шахтинск қаласынан Қарағандыға көшіру туралы өтініш берген. Шахта әкімшілігінің есебі бойынша, бұл тауқыметті шешу үшін қосымша 106 млн. теңге бөлу қажет. Алайда әзірге қаржыландыру көзі анықталмай отыр.
Қарағанды облыстық әкімшілігінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, республикалық «Бөбек» сауықтыру орталығына Сара Назарбаеваның жеке шақыруымен қаза тапқан шахтерлар отбасыларынан 19 бала барды. 9-12 жас аралығындағы балалар орталықта 24 күн тынығып, денсаулықтарын түзейді. Олармен психолог мамандар мен мұғалімдер жұмыс істейді.

Перейти к новостям спорта