Қарағанды облысындағы Саран шахтасында өрт салдарынан жұмыс тағы да тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы Саран шахтасында өрт салдарынан жұмыс тағы да тоқтатылды

Қарағанды облысындағы Саран шахтасында өрт салдарынан жұмыс тағы да тоқтатылды

Қарағанды облысындағы "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ына қарасты Саран шахтасында өртке байланысты жұмыс тағы да тоқтатылып, адамдар жер бетіне шығарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бұқарамен байланыс жөніндегі маманы Наталья Рогуленко хабарлады.

  • 7 Қараша 2005
  • 359
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2-қарашада 550 метр тереңдікте 660 вольттық тоқ желісінде қысқа тұйықталу болу салдарынан өрт шығып, ол 288 шаршы метр аумақты шарпыған. Ол кезде 316 кенші жер бетіне шығарылған еді. 8 сағаттан кейін өрт сөндірілді.

Алайда, 5-қарашада 17 сағат 50 минутта тексеріп шығу үшін бұрынғы өрт шыққан жерді аралау кезінде жекелеген өрт ошақтары тіркелді. Сөйтіп жұмыстан қайтадан тоқтатылып, 189 адам жер бетіне шығарылды.
Н.Рогуленконың айтуынша, 7-қараша күнгі таңертеңгі сағат 8 кезіндегі жағдаймен бұл учаскедегі құтқару шаралары аяқталды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт ошағында арнаулы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Перейти к новостям спорта