Қарағанды облысының әкімі Бесландағы лаңкестік әрекет кезінде баласы қаза тапқан әйелге көмек көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі Бесландағы лаңкестік әрекет кезінде баласы қаза тапқан әйелге көмек көрсетті

Қарағанды облысының әкімі Бесландағы лаңкестік әрекет кезінде баласы қаза тапқан әйелге көмек көрсетті

Қарағанды облысының әкімі Камалтин Мұхамеджанов Бесландағы лаңкестік әрекет кезінде баласы қаза тапқан Наталья Гутноваға тиісті көмек көрсету туралы пәрмен берді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қыркүйек 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

Республикалық БАҚ-тардың хабарламасына сәйкес, Қарағанды тұрғыны Н.Гутнова бұдан бұрын күйеуі және балаларымен бірге Бесланда тұрған. Соңынан отбасы ажырасып, үлкен ұлы Заур әкесімен бірге Бесланда қалады да, Наталья кішкентай екі баласымен Қарағандыға оралады. 1-қыркүйек күні Бесландағы №1 мектептің 4-сыныбына барған Заур көптеген лаңкестік құрбандарының біріне айналған. Қазір Н.Гутнова екі баласымен Қарағандыда тұрады. Үлкен ұлының өлімінен кейін қаржылық қиындықтарға байланысты әйел Осетияға бара алмаған.

Қаза тапқан баланың анасына қол ұшын беруді ұйғарған К.Мұхамеджанов «Трансаэро» әуе компаниясымен тікелей келіссөздер жүргізді. 13-қыркүйек, дүйсенбіде Натальяға Мәскеуге, одан әрі Владикавказға дейін және кері бағытта ұшатын рейстің билеті мен облыс әкімінің материалдық көмегі табыс етілді. Н.Гутнова 19-қыркүйекте Мәскеуге ұшады.

Перейти к новостям спорта