Қарағанды облысының әкімі Германияға сапары кезінде ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі Германияға сапары кезінде ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды

Қарағанды облысының әкімі Германияға сапары кезінде ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды

Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов бастаған ресми делегация Германия Федеративтік республикасында болып қайтты.

  • 31 Мамыр 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Делегация құрамында Қарағанды облысының бірқатар кәсіпорындарының басшылары да болды.

«Жұмыс сапарының мақсаты — Қарағанды облысының бірқатар индустриялық-инновациялық жобаларын жүзеге асыруға германдық инвесторларды тарту болып табылады», — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сапар бағдарламасына Дуйсбург қаласындағы зауыт жұмысымен, оның өндірістік қуаттылықтарымен танысып, «ThyssenKrupp» концерні басшылығымен кездесіп, сондай-ақ Мёнхенгладбах қаласындағы «Металлургия & металөңдеу» индустриялық паркіне барып, «SMSM» компаниясының басшылығымен кездесу шаралары енгізілген болатын.

Жұмыс сапарының және келіссөздер барысында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бірінші меморандум — Қарағанды облысының әкімдігі, «Silicium Kazakhstan» ЖШС мен «Сименс» ЖШС арасында болды. Онда тараптар «Silicium Kazakhstan» ЖШС өнеркәсіптік алаңында қуаттылығы 100 МВт дейінгі электр стансасы құрылысының инвестициялық жобасын жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Екінші меморандум — Қарағанды облысының әкімдігі, «ICMD Internatonal Corporation of Metal and Alloy Development Holding» және «ThyssenKrupp Mannex GmbH» компаниялары арасында «Металлургия — Металөңдеу» индустриялық паркі» алаңында «Қазақстандық» ферросиликоалюминийін өндіретін металлургиялық зауыттың екінші кезеңінің құрылысы туралы болды.

Үшінші меморандум — Қарағанды облысының «Металлургия — Металөңдеу» индустриялық паркі» мен Мёнхенгладбах қаласындағы «SMS M» компаниясының «Металлургия & металөңдеу» индустриалдық паркі арасында жасалды. Бұл құжатта Қарағанды облысының «Металлургия — Металөңдеу» индустриялық паркі» аумағында арнайы экономикалық аймақ құру үшін тұжырымдама мен экономикалық негіздеме әзірлеу, жобаларды тарту және құрал-жабдық таңдауда консалтингтік қызмет көрсету шаралары көзделген.

Осы жобаларды іске асыру Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына, аймақ пен Германия Федеративті Республикасының кәсіпкерлері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал жасайтын болады.

Соңғы жаңалықтар