Қарағанды облысының әкімі коммерциялық банктерден шағын және орта бизнеске несие беру шаруасын созбауды сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі коммерциялық банктерден шағын және орта бизнеске несие беру шаруасын созбауды сұрайды

Қарағанды облысының әкімі коммерциялық банктерден шағын және орта бизнеске несие беру шаруасын созбауды сұрайды

Қарағанды облысында екінші деңгейдегі банктер бизнес-жобаларды қарау және несие беру мерзімдерін негізсіз созып жібереді, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Татьяна Аблаева.

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 666
Фото - Caravan.kz

"Банктер жобаларды ұзақ қарайды, кәсіпкерлердің кепілдікке қоятын мүліктерін төмен бағалайды, оның үстіне "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік беріп отыр ғой," деді ол облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың төрағалығымен Қарағанды облысында әкімшілікте өткен "Бизнестің жол картасы –2020" бағдарламасын орындау жөніндегі жиында.

Облыс әкімі кәсіпкерлік басқармасына несие ала алмай отырған жобаларды бақылауға алуды тапсырды.

"Екінші деңгейдегі банктердің басшыларымен кездесу ұйымдастыру керек, шағын және орта бизнес субъектілеріне қарыз беру шаруасын жасанды түрде созуға болмайтындығын түсіндіру керек", деді Н.Әбдібеков.

"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды облысында бұрыннан бар 38 мың жұмыс орны сақталып, тағы 9,6 мың жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болды. Бюджетке табыс ретінде 11,3 млрд теңге салық төлем түсті.

Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Төлеген Игембаевтың ақпаратына қарағанда, аталмыш бағдарлама аясында 2010 жылдан бастап осы кезеңге дейін 398 жобаға қолдау жасалған, сомасы 74,5 млрд теңге. Биыл 76 жоба мақұлданған, сомасы 8,8 млрд теңге.

"Президент жалпы аймақтық өнімде шағын және орта бизнестің үлесін 50% дейін арттыру міндетін қойды, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы әрі жауапты орындайтын болсақ, оны істеуге болады", деп атап өтті облыс әкімі.

Н.Әбдібеков кәсіпкерлік басқармасына қала және аудан әкімдерімен бірлесіп шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекетттік бағдарламаларға қатысуға тарту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Шапшаңдатылған индустриалды инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы қолға алынғаннан бері Қарағанды облысында жалпы аймақтық өнім

2010 жылғы 1,9 трлн теңгеден 2013 жылы 2,7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Татьяна Аблаева.

"Аталмыш бағдарлама орындалғалы бері Қарағанды облысының экономикасына 1 трлн 91 млрд 300 млн теңге инвестицияланды", деді Т.Аблаева облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың төрағалығымен өткен мемлекеттік бағдарламаның орындалуына арналған жиында.

Т.Аблаеваның айтуынша, бүгінгі күнде республиканың индустрияландыру картасына Қарағанды облысының атынан құны 500,400 млрд теңге 80 инвестициялық жоба енгізілген.


Бағдарлама орындалғалы бері жалпы сомасы 98,400 млрд теңгенің 55 жобасы іске қосылды, 4 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

"Биыл төрт жоба орындалды. Жылдың соңына дейін жалпы құны 25 млрд теңге тағы 6 жобаны іске қосу көзделген, онда 759 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар индустрияландыру картасының инвестициялық жобалар іздеу жөніндегі жұмысы ойдағыдай деңгейде емес, мәселен, картада Приозерск пен Ұлытау ауданының жобалары көрсетілмеген", деді ол.

Жылдың соңына дейін, деді ол, облыстың бүкіл аудандарын жобалармен қамтып, индустрияландыру картасына қосымша 13 жоба енгізу көзделген, жалпы сомасы 121 млрд теңгенің 2045 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

"Аймақтық индустрияландыру картасына 4,5 млрд теңгеге дейін мемлекеттік қолдау қажет ғана жобалар енгізіледі, ал республикалық картаға ұлттық деңгейдегі жобаларды енгізу көзделген, олар құны 4,5 млрд теңгеден жоғары және тікелей қаржыландыруды керек ететін немесе мемлекеттің әкімшілік қатысуын керек ететін жобалар", деді облыс әкімі Н.Әбдібеков.

Ол атап өткендей, аталмыш бағдарламаның орындалуында бірқатар кемшіліктер бар, оған себеп қала мен аудан әкімдері тарапынан бақылаудың жоқтығы.

"Кемшіліктерді жою үшін өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасына "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС-нің Жезқазған мыс балқыту зауытында катодты мыс шығару жұмысын және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ №3 домна пешінің қайта құрылуы жұмысын мониторингтеуді тапсырамын. Қала мен аудан әкімдеріне индустрияландыру картасындағы кәсіпорындардың жылдың соңына дейін толықтай қуаттылықта жұмыс істеуі үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын", деді облыс әкімі.