Әкім президентке облыстың тоғыз айдағы әлеуметтік экономикалық дамуы жөнінде баяндады.
«Сонымен қатар, Ленин атындағы шахтада болған апаттың салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штабтың атқарған жұмыс қорытындысы туралы және «Миталл Стил Теміртау» басшыларымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы туралы есеп берді. Келіссөз қортындысы бойынша, компания басшылары мен жұмысшылар өз ара келісімге келген»,-деді президентпен кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында Н.Нығматулин.
«Елбасы Қарағанды аймағын одан әрі дамыту тұрғысында тапсырма берді»,-деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті