Қарағанды облысының әкімі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің департаментінің атына қатаң сын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің департаментінің атына қатаң сын айтты

Қарағанды облысының әкімі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің департаментінің атына қатаң сын айтты

Қарағанды. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының әкімі кеше денсаулық сақтау мәселелеріне арналған кеңесте медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің департаментінің атына қатаң сын айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қараша 2008
  • 483
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, департаменттің өз функциясын атқарудағы әрекетсіздігі мен оны қанағаттанарлықсыз орындауына қатаң сын тағылды.

Сонымен бірге кеңесте Қарағанды Мемлекеттік медициналық академиясында мамандар дайындау деңгейінің төмендігі сөз болды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Н. Нығматулин медициналық қызмет көрсету саласындағы жағдайды жақсартуға, ағымдағы жылы салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарын дер кезінде пайдалануға беру, халық арасында ағартушылық және ақпараттандыру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар