«Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Әбдішевтің үстінен қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды», — деді Қ.Қожамжаров сәрсенбі күні журналистерге.
Оның айтуынша, Б.Әбдішев «қылмыстық іс қозғау туралы қаулылармен танысқан және 132-бап бойынша күдікті ретінде қамауға алынған».
Жуырда оған айып тағылуы тиіс, содан соң қолданатын жаза түрі белгіленеді.
Б.Әбдішев сейсенбі күні өз үйінде тұтқындалып, Қарағанды ІІБ тергеу изоляторына жеткізілген болатын.
Қарағандыда қызметтік бабын асыра пайдаланып, мемлекет мүддесіне зиян келтірді деген күдікпен
Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев ұсталды. Бұл туралы жергілікті прокуратура органдары мәлімдеді.
Кеше облыстың экс-әкімі өз үйінен Қарағанды ІІБ уақытша оқшаулағышына жеткізілген.
Б.Әбдішев қызметтік бабын теріс пайдаланып мемлекет мүддесіне зиян келтірді деген күдікпен және Қылмыстық кодекстің жемқорлық бағыттағы баптары бойынша ұсталды.
Бұрын хабарланғандай, жаз соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Б.Әбдішев аймақты басқарған тұста Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері төмен, жұмыс сапасы нашар екенін сынға алған болатын. Президенттің айтуынша, Б.Әбдішевтің қатысуымен облыста жер телімдері белгілі бір кәсіпкерлік субъектілерге заңсыз беріліп басқа бизнес өкілдеріне зиян келтірілген.
Қазақпарат хабарламасы.
Қарағанды облысының бұрынғы әкімі күдікті ретінде ұсталды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде журналистерге берген сұхбатында Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті.
Журналистер сауалына жауап берген агенттік басшысы Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев ұсталғанын растай отырып, оған қатысты екі қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
«Ол кеше қылмыстық істің қозғалуына қатысты қаулымен танысып шықты, сонымен қатар 132-бап бойынша күдікті ретінде ұсталды», — деді Қ. Қожамжаров. Оның сөзіне қарағанда, енді экс-әкімге 48 сағаттың ішінде айып тағылып, соның нәтижесінде қамауға алу шаралары қаралады.