Нығматулин Нұрлан Зайруллаұлы
1962 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген.
Саяси ғылымдар докторы.
Институт бітіргеннен кейін «Карагандаоблгаз» өндірістік бірлестікте инженер, автоколонна бастығы болып жұмыс істеген.
1985-1990 жылдары Қазақстанның ЛКЖО-ң Ленин аудан комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстанның ЛКЖО-ң ОК комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстанның ЛКЖО-ң Қарағанды ОК-ң хатшысы, бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.
1990-1993 жылдары — Қазақстанның жастар ұйымдарының комитетінің төрағасы; 1993-1995 жылдары — қазақ-американ «Тенкри» бірлескен қәсіпорынның президенті.
1995 жылдан 1999 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Президенті Икімшілігінің мемлекттік инспектор, ұйымдастыру-бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1999-2002 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2002 жылдан 2004 жылға дейін — Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар вице-министрі.
2004 жылдың маусымынан бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің Икімшілігі басшысының орынбасары.
2006 жылдың қаңтарынан бастап — Қарағанды облысының әкімі.
«Құрмет» ордені және екі медальмен марапатталған.
Үйленген. Үш ұлы бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.