Қарағанды облысының ЭКСПО-2017 нысандары бойынша тауар өндірушілерімен келісімшарттар сомасы 6 млрд теңгеден асты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының ЭКСПО-2017 нысандары бойынша тауар өндірушілерімен келісімшарттар сомасы 6 млрд теңгеден асты

Қарағанды облысының ЭКСПО-2017 нысандары бойынша тауар өндірушілерімен келісімшарттар сомасы 6 млрд теңгеден асты

Қарағанды облысының тауар өндірушілерімен ЭКСПО нысандары құрылысы бойынша жасалған келісімшарттар сомасы 6 млрд астам теңгені құрады,

  • 3 Тамыз 2015
  • 546
Фото - Caravan.kz

деп мәлім етті бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК баға, сатып алу және жергілікті қамту департаментінің бас менеджері Алмаз Сүлейменов Астанада қарағандылық жеткізушілермен өткен кеңесте, деп хабарлайды www.primeminister.kz.

«Бас мердігерлер ұсынған соңғы мәліметтер бойынша бас мердігерлер Қарағанды облысының тауар өндірушілерімен 6 млрд астам теңге сомаға келісімшарттар жасасты», — деді А.Сүлейменов.

«Астана ЭКСПО-2017» өкілдерінің Қарағанды облысының құрылыс индустриясы кәсіпорындарының басшыларымен алғашқы кездесуі 2014 жылдың 7 қарашасында Қарағанды қаласында өткен болатын, нәтижесінде 5 меморандумға, өзара ынтымақтастық туралы бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Нұрмағанбетов айтып өткендей, ЭКСПО-2017 нысандарын салатын мердігер компаниялармен бүгінгі таңда Қарағанды облысының 12 кәсіпорнымен 15 келісімшарт жасалды.

Өз кезегінде, «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмаз Жаманбеков әлеуеттік жеткізушілерді құрылыс материалдарын жеткізумен шектеліп қалмауға шақырды.

«Көрмеге қатысушы елдерден 4,5 мыңнан аса адам келеді. Сондықтан бізге құрылыс кезеңдерінен бастап қонақтарды қабылдауға дейінгі бүкіл мәселелерді ойластырып алу қажет. Құрылыс саласын ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсетудің қасық, шанышқы, сүлгі, жиһазға дейінгі бүкіл саласын отандық тауарлармен қамтамасыз ету қажет», — деп баса айтты ол.


Атап айтқанда, төраға орынбасары қарағандылық өндірушілер ұсынуы мүмкін тауарлардың барлығы ЭКСПО-2017 аясында сұранысқа ие болатынын айтып өтті.

«2017 жылдың 10 маусымында көрменің ашылуы болады, ол 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейін жұмыс жасайды. Сондай-ақ көрмеге дейінгі және көрмеден кейінгі кезең бар. Сонымен бірге мұнда қаржы орталығы болады, Ұлттық банк, басқа да екінші деңгейлі банктер көшіп келеді. Осында қазақстандық биржа да ұсынылады», — деп нақтылады ол.

Сонымен қатар «Астана-ЭКСПО-2017» басқарушы директоры Болат Әшімов қазіргі уақытта инженерлік желілерді салу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

«Бүгінгі таңда ЭКСПО-ның нысандарын салуда іргетас пен қаңқаны жасау бойынша жұмыстар толық қарқынмен жүріп жатыр. Сондықтан бағана, арматура, бетон сияқты материалдар сатып алынды. Мен осыған белсенді атсалысқан қазақстандық компанияларға алғысымды білдіремін. Қазақстанда өндірілетін заттар толық көлемде пайдаланылуда», — деп атап өтті ол.

Жалпы басқарушы директордың мәліметінше, түрлі құрылыс материалдарын жеткізуге қазақстандық компаниялармен 74 келісім жасалды. Бүгінгі таңда ЭКСПО нысандарын салуда пайдаланылатын материалдардағы қазақстандық қамту үлесі 50%-ды құрайды.

Соңғы жаңалықтар