Б.Шыңғысов 40 жаста. Тау-кен инженері және құқықтанушы деген мамандықтар бойынша екі жоғары білім игерген. Қарағандыдағы бұл қызметке тағайындалғанға дейін Жезқазған аймағындағы «Ұлытау» кеден бекетін басқарды.
Қарағанды облысының кедендік бақылау департаментінде екі жыл басшылық жасаған Болат Жұмабеков ендігі жерде «Достық» кеден бекетін басқаратын болды.