Қарағанды облысының мемлекеттік мекемесінде жүйелі пара алудың фактілері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының мемлекеттік мекемесінде жүйелі пара алудың фактілері анықталды

Қарағанды облысының мемлекеттік мекемесінде жүйелі пара алудың фактілері анықталды

2013 жылғы 25 қазанда Қарағанды облысының қаржы полициясының қызметкерлері кәсіпорынды тексеру нәтижесі бойынша тиімді шешім шығару және 2-ші санаттағы құрылыс лицензиясын беруі үшін кәсіпкерден бопсалау арқылы 420 мың теңге және 200 АҚШ доллары көлемінде пара алуы үстінде Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы Е.Тоқмұрзинді ұстағандығын хабарлаған болатынбыз.

  • 12 Қараша 2013
  • 282
Фото - Caravan.kz

Осы күні оған қатысты бопсалау арқылы пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстық істі тергеу барысында Тоқмұрзиннің пара алуының тағы 3 фактісі, оның ішінде өзінің басшысымен бірлесіп пара алғандығы анықталды.

31 қазанда Тоқмұрзинге қатысты 2013 жылғы қыркүйекте К. деген азаматтан екі кәсіпорынға құрылыс қызметін жүргізу лицензиясын беру үшін 2500 АҚШ доллары көлемінде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ағымдағы жылғы 6 қарашада Тоқмұрзин мен Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің лицензиялау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Болатбековаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Олар ЖШС өкілінен осы кәсіпорынның құжаттарын ҚР Аймақтық даму министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетіне жіберуді тездету үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Тоқмұрзинге қатысты 9 қарашада тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Оған 24-ші қазанда кәсіпкерден ЖШС жоспарлы тексерісін кедергісіз өткізу үшін 100 мың теңге пара алды деп күдік тағылуда.

Қазіргі уақытта Тоқмұрзин қамауда, Болатбекова үй қамауында. Қылмыстық істер тергелуде. Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.