Жарияланды: 430

Қарағанды облысының полиция қызметкері қол күресі бойынша әлем чемпионатынан «күміс» еншіледі

Қарағанды облысының полиция қызметкері қол күресі бойынша әлем чемпионатынан «күміс» еншіледі

Қарағанды облысының полиция қызметкері Махмуд Мұхамеджанов қол күресі бойынша әлем чемпионатында күміс медаль олжалады,

деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. Сайыс Алматыда 9-11 қараша аралығында өтті. Чемпионатқа әлемнің 26 елінен шамамен 140 спортшы қатысты. «Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды қазақстандықтар иеленді, екінші орынға Ресей жайғасты, үшінші орынды Қырғызстан тұйықтады», - деп хабарлады облыстық ІІД. Айта кетейік, полиция аға лейтенанты М. Мұхамеджанов Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы ІІБ-да жедел уәкіл болып қызмет етеді. Қол күресі бойынша әлем чемпионатында ол 95 келіден артық салмақ дәрежесінде сынға түсті. Басты сөздер: Спорт , Қарағанды облысы

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін