Қарағанды облысының Приозерск қаласында ауыз суға қатысты қалыптасқан күрделі ахуал шешімін тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының Приозерск қаласында ауыз суға қатысты қалыптасқан күрделі ахуал шешімін тапты

Қарағанды облысының Приозерск қаласында ауыз суға қатысты қалыптасқан күрделі ахуал шешімін тапты

Қарағанды облысының Приозерск қаласында ауыз суға қатысты қалыптасқан күрделі ахуалдың шешімі табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Серік Сәтеков хабарлады.

  • 7 Шiлде 2003
  • 551
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қалалық сумен қамтамасыз ету жүйесіне химиялық құрамы стандартқа сай келмейтін су жіберілуіне байланысты санитарлық дәрігерлер Приозерск тұрғындарына ауыз су ретінде тасып әкелінетін немесе ақылы суды тұтыну туралы кеңес берген болатын.

С.Сәтековтың айтуынша, бұл күндері Приозерск қаласына көл суын тазартуға арналған химиялық реагенттер жеткілікті мөлшерде жеткізілген. Алайда бұл мәселені түбегейлі шеше алмайды дейді Серік Сәтеков. Оның айтуынша, «Қазақстан бойынша көл суын ауыз су ретінде тұтынатын жалғыз елді мекен болып табылатын Приозерск қаласына су тұшыту қондырғысы ауадай қажет».
Қазір осындай қондырғыны жобалау жұмысымен Алматыдағы «Мембрани технолоджи» фирмасы айналысуда. Соның нәтижесінде жыл соңына дейін қалада су тұшыту қондырғысы іске қосылады деген үміт бар дейді саниарталық дәрігер.

Соңғы жаңалықтар