Жарияланды: 350

Қарағанды облысының Сәуле ауылында жел мектептің шатырын ұшырып әкетті

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында кеше кешкісін ауылдық мектепте төтенше оқиға орын алды.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. «Ақтоғай ауданы Жидебай ауылдық округының Сәуле ауылында 2011 жылдың 2 маусымында кешкі 21.00. сағатта қатты жауған жауын мен екпіні секундына 17 метрге дейін жеткен жұлқыма жел К.Нұржанов атындағы орта мектептің 1650 шаршы метр аумақтағы шатырын жұлып әкетті», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Төтенше оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін