Қарағанды облысының шаруалары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2012 жылы 6200-ден астам мал басын сатып алды
Қарағанды облысының шаруа қожалықтары өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6200-ден астам мал басын сатып алды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен. |
«Қарағанды облысы «Сыбаға» бағдарламасының Қазақстан Республикасында өнімді мал табынын құру және дамытуға бағытталған «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының негізгі блогын орындау бойынша көшбасшы болып табылады. 2012 жылы аталған бағдарламаның аясында аймақтың шаруа қожалықтары ірі қараның ішіндегі төлдейтін малдың 5 870 басы мен тұқымдық бұқалардың 381 басын сатып алды», - делінеді хабарламада.
Билік өкілдерінің ақпаратынша, 2011-2012 жылдары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аймақтың шаруашылықтары ірі қара малдың 11 740 басын сатып алды. «Бұл жоспардың 221 пайызын құрды», - деп атап өтеді облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Жобаларды қаржыландыру «ҚазАгро ҰБХ» АҚ-ның еншілес кәсіпорындары арқылы жүзеге асырылды. «Бұл ретте «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы ірі қара малдың 8 206 басы (70 пайыз), ал «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арқылы - 3 534 басы сатып алынды», - деп атап өтіледі хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін