Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде кадрлық алмасулар болды
Қарағанды облысының ТЖД-де кадрлық алмасулар болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. |
ҚР ТЖ министрінің бұйрығымен облыстың бірқатар ауданында ведомство бөлімдерінің басшылары тағайындалды.
«Нұра аудандық ТЖ бөлімінің бастығы болып бұған дейін Осакаров аудандық бөлімін басқарған өртке қарсы қызметінің подполковнигі Данияр Сүлейменов тағайындалды.
Өз кезегінде Нұра ауданы бойынша ТЖ бөлімінің бұрынғы бастығы, өртке қарсы қызметінің капитаны Арман Ахметжанов Жаңаарқа ауданына осындай қызметке ауыстырылды.
Бұған дейін Жаңаарқа ауданының ТЖ бөлімін басқарған өртке қарсы қызметінің майоры Қуаныш Дүйсембеков Шет ауданындағы осындай бөлімнің басшысы болып тағайындалды.
Ал Осакаров ауданы бойынша ТЖ бөлімінің бастығы болып өртке қарсы қызметінің капитаны Бауыржан Арыстанбеков тағайындалды. Ол бұған дейін Шет ауданы бойынша ТЖБ-нің бас маманы болып қызмет етті», - деп хабарланды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін