Қарағанды облысының Тұмсық ауылында құс тұмауына қатысты карантин жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының Тұмсық ауылында құс тұмауына қатысты карантин жарияланды

Қарағанды облысының Тұмсық ауылында құс тұмауына қатысты карантин жарияланды

Қарағанды облысы Шет аудандық мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының таныстыруы бойынша Тұмсық ауылында құс тұмауына қатысты карантин жариялау туралы шешім дайындалуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Тамыз 2005
  • 642
Фото - Caravan.kz

Тұмсық ауылында 20 үй және 3 жабайы құстың қырылу оқиғасы тіркелген. Зертханалық тексерулер бойынша «құс тұмауы» деген диагноз дәлелденуге байланысты карантин енгізіліп отыр.

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, Тұмсық ауылында барлығы 312 тауық пен 20 қаз бар. Қора-жайлардағы клиникалық тексеру кезінде 36 тауық пен 1 қаздың ауырғаны анықталды. Ауырған құстардан алынған сынамалар «РВЛ» РМҚК-ның Ақмола аймақтық филиалына зерттеуге жіберілді. Зерттеулер нәтижесінде 29 сынаманың екеуінен А 1 түріне жататын тұмау вирусына қарсы түзілетін антитело табылды.

Перейти к новостям спорта