«38жастағы тұрғын жерқойма қазып жатып, 1,5 м тереңдікте адам сүйектерін тауып алған», — делінген дүйсенбі күні облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Полицияның хабарлауынша, ер адамның бұл үйде тұрып жатқанына 5 жыл болыпты.
«Сүйектер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қорытынды алынған соң процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.