Қарағанды облысының тұрғыны граната мен оқ-дәрі тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының тұрғыны граната мен оқ-дәрі тауып алды

Қарағанды облысының тұрғыны граната мен оқ-дәрі тауып алды

Қарағанды облысында Осакаров ауданының Молодежный кентінің тұрғыны көшеден граната мен оқ-дәрі тауып алды.

  • 15 Маусым 2011
  • 375
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Молодежный кентінде Гидроқұрылысшылар көшесінің бойындағы үйлердің жанында 14 маусымда сағат 12.00 кезінде 69 жастағы ер азамат граната мен оқ-дәріге ұқсас заттарды тауып алды. Оқиға орнына жедел әрекет ету топтары жетіп, ол жер қоршауға алынды. Жүргізілген арнайы шаралар нәтижесінде табылған заттардың Ф-1 гранатасы, 7,62 калибрлі 19 оқ екені анықталды, оның ішінде 5 оқ мылтыққа, 13-і — «Наган» револьверіне, біреуі «ТТ» тапаншасына тиесілі екендігі анықталды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жарылғыш заттарды залалсыздандыру тобы қауіпті заттарды жою үшін алып кеткен.

Соңғы жаңалықтар