Жарияланды: 410

Қарағанды облысының тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғаны 3,5 млн тг талап етуде

Қарағанды облысының тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғаны үшін мемлекеттен Т3,5 млн моральдық шығын талап етіп, ел үкіметіне шағым түсірді, деп облыстық сот баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қарағанды облысының тұрғыны өзін заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартқаны үшін алдын ала тергеу мен прокурадан моральдық шығынын өтеп беруін талап етті. Ол өзіне келтірген моральдық шығынды Т3,5 млн деп бағалап отыр. Одан басқа шағым беруші Т450 мың сомасындағы адвокаттың шығынын өтеуді талап етуде», - деп облыстық сот баспасөз қызметінің басшысы Гүлмира Қаженова мәлім етті. Шағым бюджеттік 010 бағдарламасының – үкімет резервінің әкімшісі ретінде ҚР қаржы министрлігіне берілген, дейді баспасөз қызметінен. Іс материалдарына сай, шағым беруші қылмыстық жауапкершілікке аса ірі мөлшерде мүлік тонамақшы болып қарақшылық шабуыл жасаған деп (ҚР ҚК 179-шы бабы, 3-ші тармағы) тартылған болатын. «Оған қатысты «қамауға алу» шарасы қолданылып, ол 2006-шы жылдың ақпан айынан бастап, 158 күн тергеу абақтысында жатты. Сот оның әрекетін қайта бағалап, оны қылмысты жасырғаны үшін деп 300 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салды, дейді облыстық соттағылар. Кейін ол ҚР тәуелсіздігін тойлау құрметіне қайырымдылыққа ілініп түрмеден босатылған. «Одан соң да ол 51 күн ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхатпен жүрді. Ал 2011-ші жылы ҚР Жоғарғы соты оны толығымен айыпсыз деп тауып, оның қылмысы жоқ деп ақтап шықты», - деді баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть