Қарағанды облысының тұрғыны түзеу мекемесіне темекі мен героин өткізіп жібермек болған
Қарағанды облысында түзеу мекемесіне есірткіні өткізіп жіберу әрекетіне тоқсауыл қойылды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. |
«Жедел-іздестіру шарасының барысында облыстық түзеу мекемелерінің бірінің көрісу бөлмесінде Абай ауданына қарасты Көксу ауылының 40 жастағы тұрғынынан 2,155 грамм салмақта есірткі заты - «героин» тәркіленді. Есірткі заты темекі қорабының ішінде болған», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Полицияның берген ақпаратына қарағанда, әйел бұған дейін есірткі затын сақтағаны үшін істі болған.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды», - делінген хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін