Әкімнің мәліметі бойынша, Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының 554 ардагері, 20 мыңға жуық тыл еңбеккері, cоғыс ардагерлеріне теңестірілген 1708 адам бар.
«Жы сайын бұл көрсеткіш азаюда. Соғысты сөзі көргендер мен қатысқандар қатары сирей түсуде. Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға және тыл еңбеккерлеріне 250 миллион теңгеден астам бір реттік материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, облыс әкімдігі мен жетекші жеке кәсіпорындар арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум есебінен әрбір соғыс ардагеріне 50 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек берілді», — дейді ол.
Соғыс ардагерлеріне облыстық бюджет есебінен үй шатырлары жөнделіп, операциялар төленді, мүгедек арбалары жаңартылған түрлеріне ауыстырылды, дәрігерлік тексеруден өтумен қамтамасыз етілді.
«Бұл сіздер үшін қолымыздан келген және сіздер үшін міндетті аздаған көмегіміз. Сіздердің бейбіт өмір құруға қосқан үлестеріңіз орасан», — дейді Б.Әбдішев.