Қарағанды облысының үш тұрғыны мешітте ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының үш тұрғыны мешітте ажал құшты

Қарағанды облысының үш тұрғыны мешітте ажал құшты

Қарағанды облысының Ақтоғай селосындағы орталық мешіт ішінде үш бірдей азамат иіс тиіп, қайтыс болды.

  • 30 Қаңтар 2020
  • 107
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы  «Хабар 24» хабарлады. 

Марқұмдардың жасы 20-дан енді ғана асқан. Бірі, сонда от жағушы болып жұмыс істейтін Жасқайрат Амангелдин, ал қалған екеуі ауыл тұрғыны Ерболат Әбдікәрім мен Қайыржан Иса. Жігіттер 28 қаңтар күні түс ауа Алла үйіне келген. Боран салдарынан жарық сөніп қалып, жылыту пешін дизельді генератор арқылы іске қосқан. Артынша олардың сұлық жатқан денелерін мешіт жамағатының бірі көріп, хабарлаған. Ауруханаға жеткізілгенімен, жігіттер есін жимады. Ерік Шонбаев, ахуалдық орталық меңгерушісі: – Мешітте сұлық жатқан үшеуін өз көлігімен ауруханаға жеткізген жергілікті азаматтың айтуынша, жігіттер уланып қалған. Ауруханаға әкелгенде олардан биологиялық өлім белгілері байқалған. Сондықтан ешқандай медициналық көмек көрсетілмеді. Нақты себебін сот-медициналық сараптама нәтижесі анықтайды.

 

Соңғы жаңалықтар