Қарағанды орталығында жаппай төбелес шығарған жігіттер полицияға қарсылық көрсеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды орталығында жаппай төбелес шығарған жігіттер полицияға қарсылық көрсеткен

Қарағанды орталығында жаппай төбелес шығарған жігіттер полицияға қарсылық көрсеткен

Кеше кешкісін Қарағандының орталығында бірнеше адам қатысқан жаппай төбелес орын алды.

  • 24 Тамыз 2018
  • 77
Фото - Caravan.kz

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлеріне төбелесқор жігіттер белсенді қарсылық көрсеткен. Жанжал шығарушылар ұсталып, оларға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазды Baq.kz

Жанжал қаланың қақ ортасындағы «Жаңа базар» аймағында орналасқан дәмханалардың бірінде басталған. Дәмхана қызметкері мен клиенттер арасында туындаған ұрыс соңы жаппай төбелескен айналған. Жанжал салдарынан 35 жастағы дәмхана қызметкері таяқ жеді. Төбелесті таспаға түсірген қарағандылықтар видеоны бір-біріне әлеуметтік желілер арқылы жіберіп жатыр.

«23 тамыз күні щамамен 19.00-де орталық базар аймағында орналасқан дәмханалардың бірінде кафе қызметкері мен клиент арасында жанжал туындаған. Ұрыс барысында екі клиент дәмхананың қызметкерін ұрған. Соққы алған әйел 35 жаста. Осыдан кейін дәмхана қызметкерлері базардың күзетшілері мен полиция қызметкерлерін шақырған. Жанжал шығарушыларды ұстау барысында олар құқық қорғау қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсетті. Полиция қызметкерлері жанжал шығарушылардың барлығын ұстады. Төбелестің барлық қатысушылары Қазақстан Республикасының азаматтары», — дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабы, 2 тармағына сай, яғни «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


 

 

Соңғы жаңалықтар