ҚР ІІМ есірткіге қарсы күрес комитетінің кешегі хабарламасына сәйкес, сәрсенбі күні жедел іздестіру шаралары барысында «ВАЗ-2101» көлігі тоқтатылды. Көлікті жүргізуші «Қазақтелеком» ЖШС қауіпсіздік қызметінің 32 жастағы күзетшісімен бірге екі жолаушы болған.
Көлікті тексеру кезінде жүргізуші орындығының артынан картон қорап табылған. Онда 7 кг жуық героин салынған жеті орама болған.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.