Қарағанды полицейлері 7 кг жуық героин тәркіледі

ҚР ІІМ есірткіге қарсы күрес комитетінің кешегі хабарламасына сәйкес, сәрсенбі күні жедел іздестіру шаралары барысында "ВАЗ-2101" көлігі тоқтатылды. Көлікті жүргізуші "Қазақтелеком" ЖШС қауіпсіздік қызметінің 32 жастағы күзетшісімен бірге екі жолаушы болған.

Көлікті тексеру кезінде жүргізуші орындығының артынан картон қорап табылған. Онда 7 кг жуық героин салынған жеті орама болған.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.