Жарияланды: 290

Қарағанды полицейлері шіркеу қаржысын ұрлады деп айыпталып отыр

Қарағанды облысының прокуратурасы шіркеу қаржысын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қылмыстық іс Қарағанды полициясының Оңтүстік-Шығыс бөлімі полицейлеріне қатысты Қасиетті-Веден шіркеуінің 41 млн теңгесін ұрлау фактісі бойынша қозғалып отыр. Нақты ешкім айыпталып отырған жоқ. Бірақ, полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы мен осы ақша төңірегіндегі дауқа қатысы бар басқа да қызметкерлеріне күмән келтіріліп отыр», - деп жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасынан хабарлады. Прокурорлардың айтуынша, тамыздың 14-інде Алматыда тұратын үш азамат Қарағанды шіркеуінің есігін бұзып, сейфтегі 91 млн теңгені ұрлаған. Қолға түскеннен кейін олар ақшаны шіркеу маңындағы бұталардың арасына жасырғанын мойындапты. Қылмыстық-процессуалдық кодекс бойынша полицейлер ақша жасырылған жерге куәлер мен бейнекамера алып баруы тиіс болатын. Бірақ, олар күдіктілердің бірін ғана ала барған. Күдікті ақша тығылған жерді көрсеткен кезде полицейлер оны көлікке мінгізіп, басына футболка кигізе салыпты. Полиция бөлімшесіне жеткізілген сөмке жартылай бос болып шықты. Кейін 91 млн теңгенің 41 миллионы қолды болғаны анықталды. Сотталған үшеу ақшаны полицейлер ұрлағанын айтыпты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін