Қарағанды прокуратурасы балалардың мектепте уланып қалу оқиғасына байланысты тексеру жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды прокуратурасы балалардың мектепте уланып қалу оқиғасына байланысты тексеру жүргізуде

Қарағанды прокуратурасы балалардың мектепте уланып қалу оқиғасына байланысты тексеру жүргізуде

Қарағанды. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды қаласының Октябрь аудандық прокуратурасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі №25 орта мектепте 11 баланың уланып қалу оқиғасына байланысты тексеру жүргізуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

  • 9 Қыркүйек 2008
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Қарағанды қаласының №25 орта мектебінің 4 сыныбының 11 оқушысы бұқтырылған құс етін жеген соң ауырып қалған. Олардың тамақтан улану белгісі айқын білінген. Дәрігерлер өткір ішек ауруы деген алдын-ала диагноз қойды, бірақ балалар ауруханаға жатқызылған жоқ», — деді Н. Күзбақов.

Қазір тексеру жүргізілуде, соның қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар