"Қарағанды қаласының №25 орта мектебінің 4 сыныбының 11 оқушысы бұқтырылған құс етін жеген соң ауырып қалған. Олардың тамақтан улану белгісі айқын білінген. Дәрігерлер өткір ішек ауруы деген алдын-ала диагноз қойды, бірақ балалар ауруханаға жатқызылған жоқ", - деді Н. Күзбақов.
Қазір тексеру жүргізілуде, соның қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.