Қарағанды прокуратурасы тұрақты рейдтер өткізуді көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды прокуратурасы тұрақты рейдтер өткізуді көздеп отыр

Қарағанды прокуратурасы тұрақты рейдтер өткізуді көздеп отыр

Қарағанды прокуратурасы көлік руліне мас күйі отыру фактілерін азайту мақсатында көңіл көтеру орындарының қасында тұрақты рейдтер өткізуді көздеп отыр.

  • 5 Шiлде 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) саны көбейгенін ескере отырып, жол полициясының қызметкерлеріне жол-көлік бұзушылықтарының алдын алу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, көлік руліне алкогольге мас күйі отыру фактілерін болдырмау мақсатында түнгі клубтардың, мейрамханалар мен басқа да көңіл көтеру орындарының ауданында тұрақты рейдтер өткізуге кеңес берілді», – делінген прокуратураның сейсенбі күні таратқан ақпаратында.

Қадағалаушы органның ақпаратына сәйкес, 2010 жылы Қарағандыда 320 ЖКО болып, онда 38 адам қаза тауып, 338 адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған. Ал биылғы жылдың 4 айында 102 ЖКО болып, 10 адам қаза тауып, 116 адам жарақат алған.

Қарағандының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін 1 мың 803 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 103 жүргізуші қамауға алынып, 702-сі көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 719жағдайда айыпты адамдар көліктерін алкогольге мас күйі басқарған.

Бұдан басқа, прокурорлық тексеру барысында облыс орталығының көше-жол желісінен белгісіз себеппен жол белгілері жоғалып кеткен. «Олардың көбі жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін белгілер болған (басымдық белгісі, ескерту, ақпараттық-нұсқау белгілері, «Жаяу жүргіншінің жолы» және т.б.). Бұл жағдайлар жол үстінде даулы жағдайлардың туындауына себеп болып отыр», – деп хабарлайды қадағалаушы орган.

Алайда прокуратура жоғалған жол белгілерінің нақты санын, олардың жоғалу себептерін, қаладағы жол белгілерінің жалпы санын хабарламай отыр.