Сонымен қатар, қала басшысы А. Воробьевтің өз еркімен жұмыстан кету туралы өтінішін 29 желтоқсан күні жазғанын да атап өтті.
Бұрын хабарлағанымыздай, А. Воробьев 2006 жылдың маусым айында қалалық мәслихат депутаттарымен керісіп қалған болатын. Мәслихат депутаттары әкімнің құрылыс саласына жетекшілік ететін орынбасарына қала орталығындағы қонақ үйлерінің біріне қосалқы ғимараттың салынуының заңдылығын түсіндіру туралы өтінішпен сұрау салған. Бұған жауап ретінде А. Воробьев баспасөз мәслихатында депутаттарды «PR-асттар» («пиарасттар») деп атаған болатын. Осыдан кейін кезектен тыс сессияда депутаттар қала әкіміне Воробьевтің өз лауазымына лайықтығын қарастыруды ұсынған. Бірнеше ай өткеннен кейін А. Воробьев депутаттарды өз шешімдерімен оның ар-ұжданы мен намысын қорлады деп сотқа шағым берген, бірақ кейіннен өз арызын кері қайтарып алған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті