Қарағанды қаласының бұрын сотты болған тұрғыны 2 кг-ға жуық героинмен ұсталды
Қарағанды қаласының бұрын сотты болған 32 жастағы тұрғыны 2 кг-ға жуық героинмен ұсталды, деп хабарлайды облыстық ІІД. |
«Қарағанды облыстық ІІД ЕБКБ қызметкерлері 16 маусымда Қарағанды қаласының 32 жасар тұрғынының пәтерінде тінту жүргізді. Жатын бөлмесінде кереуеттің қасындағы заттардың астынан сұр-сары түсті зат салынған екі орама табылды. Сол жерде осындай зат салынған полимер таспаның бөліктері жатқан. Сараптаманың қорытындысы бойынша, тәркіленген зат салмағы 1 кг 833,29 гр «героин» болып шықты», - делінген ІІД-нің баспасөз қызметі жұма күні таратқан ақпаратта.
Полицияның мәліметтеріне сәйкес, ұсталған азамат бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған.
«Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалдыү Азамат уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеуі жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін